- Басты
- Жаңалықтар
- Құрық ауылында кеме үйлестіру бойынша навигациялық орталық құрылады
Құрық ауылында кеме үйлестіру бойынша навигациялық орталық құрылады
«Навигациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша навигациялық орталық құру ұсынылуда. Оның басты мақсаты – кеме қозғалысын басқару жүйесі арқылы көлік оқиғаларының алдын алу мен кеме қозғалысын үйлестіру. Аталмыш жүйе Маңғыстау облысында қазірдің өзінде бар. Баламалы жүйе Құрық ауылында құрылатын болады», - деді депутат Николай Логутов.
Заң жобасы Халықаралық теңiз ұйымының аудитiнен өту үшiн теңiзшiлердi даярлау, оларға диплом беру мен вахта жұмысын атқару туралы халықаралық конвенцияның ережелерiн iке асыру, сондай-ақ теңiзде жүзу мәселелерi бойынша заңнаманы жетiлдiру, кемелердiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз ету және оларға навигациялық қызмет көрсету мақсатында әзiрленген.
«Заң жобасының нормаларымен Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторында навигациялық орталық құру көзделедi. Бұл кемелердi навигациялық алып жүруге және олардың жүрiсiн басқаруға ықпал етпек. Бұдан басқа, теңiз көлiгi саласында мамандар даярлайтын қазақстандық оқу орындары түлектерiнiң дипломдарын халықаралық деңгейде тану мәселесi құқықтық негiзге ие болады. Бiрқатар түзетулер теңiз көлiгiн мемлекеттiк басқаруды жетiлдiруге бағытталған», - делiнген заң жобасы жөніндегі қорытындыда.
Камила Амирова
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимде ала алады