ОҚО-да 2014 жылы 28 мектеп пайдалануға берілді

26 Желтоқсан, 2014 17:24
Оңтүстік Қазақстан облысынжда 12276 орындық 28 жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.

4094 орынды 33 мектепке дейінгі мекеме және ауысымына 1395 келушіге арналған 40 амбулаторлы-поликлиникалық мекеме пайдалануға берілді.

Білім беру және денсаулық сақтау салаларын қаржыландырудың негізгі көзі бюджет қаражаты болып табылады. Білім беру және денсаулық сақтау салаларында игерілген инвестициялардың жалпы көлеміндегі республикалық бюджеттің үлесі – 46,2%, жергілікті бюджет – 26,1% және 27,7% кәсіпорындар, ұйымдар және халықтың меншікті қаражатына тиесілі.
 

Барлық жаңалықтар