- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтауда мұнай және мұнай өнімдерін сақтау терминалы пайдалануға берілді
Ақтауда мұнай және мұнай өнімдерін сақтау терминалы пайдалануға берілді
Маңғыстау облысы әкімдігінің хабарлауынша, терминал Атырау халықаралық теңіз сауда порты жанында орналасқан. Ол 7,907 гектар жерді алып жатыр және барлық қажетті инфрақұрылыммен толықтай қамтамасыз етілген. Қойманың бір реттік сақтау қуаттылығы 50 000 шаршы метр кубты құрайды. Сонымен қатар теңізге шығу мүмкіндігі бар. Жыл сайынғы тиеу көлемінің құны шамамен 2 млн теңгені құрайды.
Айта кету керек, Индустрияландыру картасына енгізіліп, іске асырылып жатқан жоба ел экономикасының маңызды бөлігі болып табылады. Осылайша 140 жаңа жұмыс орны ашылып, бюджетке түсетін салық көлемі көбейіп, Қазақстан Республикасы мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық қамту үлесі артады.
Сонымен қатар, терминалда пайдалануға беру процесінде қоршаған ортаның ластануын төмендету, аймақтағы жарылу қауіптілігін төмендету, мұнай өнімдерін құю кезіндегі атмосфераға зиянды қалдықтарды шығару көлемін 95 пайыз азайуға мүмкіндік беретін инновациялық құрылғылар пайдаланылады.
Қазақстан мұнда терминалды май мазутын қыздыру бойынша жаңа технологияны пайдаланады. Аталған құрылғы құбырларды пайдалану уақытын ұзартып, мазутты қыздыру уақытын қысқартады.
«АСКИ-Маңғыстау» ЖШС Қазақстан арқылы мұнай тасымалын жүзеге асырып, су жолы арқылы мұнай өнімдерінің импортын жасайтын, қазақстандық үш мұнай өңдеу зауыттары өнімдерін экспортқа шығаруға мүмкіндік беретін Ақтау теңіз порты арқылы мұнай өнімдерін тиеу бойынша жалғыз терминал болып саналады. Сонымен қатар терминал Маңғыстау облысының өңірлік нарығына автоматты тиеу арқылы мұнай өнімдерін жөнелтеді».
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы