- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында 597,2 млрд теңгенің 41 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда
Жамбыл облысында 597,2 млрд теңгенің 41 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда
«Жалпы, Жамбыл облысында 41 инвестициялық жоба іске асуда. Олардың құны 597,2 млрд.теңгені құрап отыр, 8,2 мыңға жуық жұмыс орындары ашылады деп күтілуде», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда 123,3 млрд.теңгені құрайтын 33 жоба іске асырылып, 5 мыңға жуық адам жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 25,3 млрд.теңгені құрайтын 6 жоба іске қосылып, 994 жаңа жұмыс орны ашылды. Аталған 6 жоба Қазақстанда бұрын шығарылмаған жаңа өнім түрлерін шығарады. Оның ішінде энергияны үнемдейтын шамдар, ТОПС өндіру, парфюмерияда қолданылатын сафлор майы, бір рет пайдаланатын медициналық бұйымдар, натрий гексаметафосфаты меннатрий цианиді бар.
Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы жобаларының бірінші бесжылдығының қортындысы аясында жалпыұлттық телекөпірде Жамбыл облысы аймақта жүзеге асып жатқан 2 жобаны ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынды.
Ұсынылып жатқан нысанның біріншісі «Vista International» ЖШС жел электр станциясы болып отыр. Аталған жел электр станциясы былтыр іске қосылып, 4 МВт электр энергиясын өндіре бастаған. Қазіргі таңда, Қордай ЖЭС - ның қуаты жылына 59,5 млн. кВт/с құрап отыр. Аталған жобаның құны 6,4 млрд. теңге, 13 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Сонымен қатар, Жамбыл облысынан ұсынылған екінші жоба - Мыңарал цемент зауыты «Мынарал Таскомпани» ЖШС. 2010 жылы іске қосылған кәсіпорын өткен жылы 1,2 млн. тонна цемент өндіріп, толық жобалық қуатына шықты. Қазір зауытта 350 адам еңбек етуде, орташа жалақысы 80-150 мың теңге.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр