- Басты
- Жаңалықтар
- ThyssenKrupp компаниясы мен «Самұрық-Қазына» Богатырь кен орнын жаңғырту жобасы бойынша әріптес атанды
ThyssenKrupp компаниясы мен «Самұрық-Қазына» Богатырь кен орнын жаңғырту жобасы бойынша әріптес атанды
««Богатырь Көмір» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ БК мен «РУСАЛ» БК) менәлемдегі озық тау-кен жабдықтары мен технологияларын өндіретін «ThyssenKrupp Industrial Solutions AG» компаниясы арасында 2014 жылғы 22 желтоқсанда келісімге қол қойылды», - делінген хабарламада.
«Богатырь Көмір» компаниясы бұл бастаманы 2006 жылы көтерген болатын. Алайда 2014 жылы ғана, қазақстандық тарап басқарушы акционер құқына ие болғаннан кейін, жобаны іске асыруды жеделдететін шешімдер қабылданып, Thyssen Krupp компаниясымен келісім жасалды», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін басқару жөніндегі бас директор Қуаныш Бектеміров.
Келісім бойынша ThyssenKrupp инжиниринг, жабдықтарды дайындау мен жеткізу, шефмонтаж қызметтерін көрсетеді, жобаны іске асыратын жұмысшыларды оқытып-үйретеді.
Жобаны 2019 жылы аяқтау жоспарланып отыр.«Богатырь» кен орнындағы бұл жобаның іске асырылуы төмендегідей нәтижелерге жеткізеді: қосымша 8 млн. тонна сапасы тұрақты көмір өндіру, өндіріс қуатын 20 %-ға өсіре отырып, еңбек өнімділігін 35%-ға арттыру, жаңа Балқаш ГЭС пен ЭГРЭС-1, ЭГРЭС-2 станцияларының жұмыс ауқымын кеңейтіп, Қазақстан мен Ресейдегі энергетикалық саланың қажеттілігін өтеу үшін көмір өндіруді ұлғайту, ескірген тау-кен техникасын озық үлгілерге ауыстырып, өндірісті жаңғырту.
«Богатырь Көмір» компаниясы – ашық әдіспен көмір өндіретін «Самұрық-Энерго» АҚ (Самұрық-Қазына» АҚ еншілес компаниясы) мен «РУСАЛ» БК қазақстандық-ресейлік бірлескен кәсіпорыны. Компанияның Екібастұз көмір бассейніндегі үлесі – 60 пайыз, еліміз бойынша үлесі – 40 пайыз. «Богатырь Көмір» - әлемдегі ашық әдіспен көмір өндіретін ең ірі кәсіпорындардың бірі, ондағы қор 3 миллиард тоннаны құрайды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері