- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында қуаттылығы 47 тоннадан асатын полипропилен цехі ашылды
Павлодар облысында қуаттылығы 47 тоннадан асатын полипропилен цехі ашылды
Хлор және күйдіргіш сода өндіру зауыты 2008-2010 жылдары салынған болатын. Бүгіннен бастап зауыт толық қуатына енді. Жобаны іске асыруға 16,2 млрд. теңге инвестиций бөлінді.
Бұл зауыт жылына өндіріс пен тұрмысқа қажетті мынадай химиялық өнімдер шығаруға қауқарлы: күйдіргіш сода – 30 000 тонна, натрий гипохлориті – 6 600 тонна, хлор - 26 457 тонна, тұз қышқылы – 45 000 тонна.
Мұндай зауыт елімізді бұрын-соңды болмаған. Зауыт әлемдік деңгейдегі сода мен хлор шығаратын жаңа мембранды технология бойынша жұмыс жасайды. Ал мембранды технология өндірістің экологиялық қауіпсіздігі мен электр қуатын үнемдеуді қамтамасыз етеді.
Химиялық сұйықтықты еліміз осы күнге дейін шетелден импорттап келген болатын. Зауыттың толық күшінде жұмыс жасауымен отандық өнеркәсіптер мен ел нарығына қажетті хлор мен сода өнімдерін павлодарлық кәсіпорын толықтай жабатын болды.
Осы жылдың 11 айында зауыт 25851 тонна күйдіргіш сода, 17633 тонна хлор, 35849 тонна тұз қышқылын, 2471 тонна натрий гипохлоритін шығарды.
Түйіршіктелген полипропилен өндіру зауыты 2013-2014 жылдары қолға алынған еді. Бөлінген инвестиция көлемі 6 млрд теңге. Жобаның қуаты 50 мың тонна түйіршіктелген полипропилен өндіру.
Аталмыш жаңа зауыт шығаратын өнім отандық көлік және тұрмыстық техника өндірісі, сонымен қатар медицина саласында кеңінен қолданылады.
Инновациялық технологиямен өндірілетін өнімге Ресей, Қытай мен Түркия елдері қызығушылық танытып отыр. Осы мәселеге байланысты олармен келіссөздер де жүргізіліп жатыр.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды