ШҚО-да болат құймаларын дайындайтын өндіріс іске қосылды

25 Желтоқсан, 2014 16:52
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру күні аясында өтіп жатқан «Қазақстанның жаңа индустрияландыруы: 2014 жылдың және бірінші бесжылдықтың нәтижесі» жалпыұлттық телекөпір аясында Шығыс Қазақстан облысында «ПОСУК Титаниум»БК» ЖШС болат құймаларын дайындайтын зауыт іске қосылды.

Аталмыш жобаның мақсаты өндірісті әртараптандыру және жаңа инновациялық болат құймаларын дайныдайтын өндірісті құру.

Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына  6 мың тоннадан астам болат құймаларын дайындауға жетеді. Жоба құны 70 млн доллар. Айта кетерлік жайт, жаңа 70 жұмыс орны ашылды.

 

Барлық жаңалықтар