• Басты
  • Астанада «Жас Ұлан» мектебінің 150 тәрбиеленушісі жаңа жылдық шыршаны атап өтті (Фото)
25 Желтоқсан, 2014 19:41

Астанада «Жас Ұлан» мектебінің 150 тәрбиеленушісі жаңа жылдық шыршаны атап өтті (Фото)

2015 жылды қарсы алу Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі тәрбиеленушілерінің есінде ҚР Қорғаныс министрінің жаңа жылдық шыршасы боп қалмақ.

Астанада «Жас Ұлан» мектебінің  150 тәрбиеленушісі жаңа жылдық шыршаны атап өтті  (Фото) | Strategy2050.kz

Салтанатты шара 15 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл жаңа жылдық шырша астаналық «Думан» ойын-сауық орталығында өтті. Шараға 7 сыныптың 144 ұланы (олардың отызға жуығы қамқорлықтағы балалар және балалар үйінің тәрбиеленушілері болып табылады) және Астана қаласындағы мектептер мен лицейлердің 6-7 сыныптарында оқитын оқушы қыздар қатысты.

«Сендер мәртебелі мамандықты таңдадыңдар және Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының бастамасымен құрылған даңқты батыр армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың есімін иеленген мектепте оқисыңдар. Бұл сендерге үлкен әрі жоғары жауапкершілік жүктейді. Өздеріңнің барлық өмір жолдарыңда осы жауапкершілікті лайықты алып жүретіндеріңе сенімдімін. Сендерге 2015 жылы зор денсаулық, озат оқу мен жігерлілік тілеймін. Жолдарың әрқашан абырой мен даңққа бөленсін! Жаңа жылдарыңмен», – деді Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров.

Әскери мектеп тәрбиеленушілері мен мереке қонақтары үшін концерттік бағдарлама мен сыйлықтар дайындалып, мерекелік дастархан жайылды. Соңынан балалар океанариумды тамашалады. Жаңа жылдық шыршаға қатысқан

«Бүгін біздің көңіл-күйіміз өте жақсы. Біз өз тәлімгерлеріміз бен қонақтардан көптеген құттықтаулар естідік. Мен барлық ұландар атынан мектебіміз бен Қорғаныс министрлігіне осындай мерекелік шараны ұйымдастырғаны үшін ризашылығымды жеткізгім келеді. Барлығын келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын», – дейді ұлан Шәріпбек Бақберген.

22-23 желтоқсан күндері осындай мереке мектептің жоғары сынып оқушылары мен «Жас ұлан» мектебі әскери қызметшілерінің балалары үшін ұйымдастырылған болатын.


 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды