- Басты
- Жаңалықтар
- 1700 алматылық бүлдіршін қала әкімінен сыйлық алды
1700 алматылық бүлдіршін қала әкімінен сыйлық алды
Жаңа жылдық мерекеге 1700 кішкентай алматылық қатысты, олар - оқу озаттары, тұрмысы төмен отбасылар балалары мен жетімдер.
Қала басшысы Жаңа жылдың әр адамның, әсіресе балалардың өмірінде ерекше мәнге ие екендігін атап өтті. Әкім мегаполисте өскелең жас ұрпақтың жан-жақты дамуы барысында жүзеге асып жатқан ауқымды жұмыстарды айтты.
«Алматы қаржы-экономикалық, ғылым-білім, мәдени-спорт орталығы болып табылады. Еліміздің өміріндегі осынау тарихи рөлге сай болу үшін біз сіздермен көп оқуға, көп еңбектенуге, білгенімізді үнемі жетілдіріп отыруға тиіспіз. Соңғы 5 жыл ішінде қалада 95 білім нысаны салынды.Сендердің қазіргі заманға лайық сапалы білім алуларың үшін олардың барлығы қажетті құралдармен жабдықталған», - деді Ахметжан Есімов.
«Жаңа жылдық көк ешкі түсі» цирктік ертегі» қойылымында клоундар, әуе акробаттары және басқалары өнер көрсетті.
Алматы әкімі Ахметжан Есімов мерекелік қойылым соңында балаларға мықты денсаулық, баянды бақыт, оқуда табыс тіледі. Әрбір бала Алматы әкімінің атынан Жаңа жылдық сыйлық алды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады