• Басты
  • Қазақстанда сапа саласындағы «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» президенттік жүлдесі табысталды (ФОТО)
25 Желтоқсан, 2014 16:23

Қазақстанда сапа саласындағы «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» президенттік жүлдесі табысталды (ФОТО)

«Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауларының жеңімпаздары анықталды. Лауреаттар мен дипломанттарды марапаттау дәстүрлі түрде Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен өтті.

Қазақстанда сапа саласындағы «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» президенттік жүлдесі табысталды (ФОТО) | Strategy2050.kz

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметі бойынша, биылғы жылы ҚР Президентінің сапа жөніндегі «Алтын сапа» жүлдесі байқауына 293 компания қатысты. Олардың негізгі бөлігін орта кәсіпкерлік субъектілері (127 кәсіпорын), шағын кәсіпорын субъектілері (101 кәсіпорын) және ірі кәсіпорын субъектілері (65 кәсіпорын) құрады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» жүлдесіне ірі кәсіпкерлік саласында «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «АЗМК» ЖШС (Алматы қ.), орта кәсіпкерлік саласында «АВЗ» ЖШС (Алматы облысы) және кіші кәсіпкерлік саласында «Фирма «АЛКОН +» ЖШС (Астана қ.) лайық деп танылды.

«Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясында «РЗА» АҚ (Қызылорда облысы), «МедАспапОптика» (Алматы қ.) және «Био Тау Жер» ЖШС (Алматы облысы) үздік деп танылды.

«Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясында «Глобалинк Транспортэйшн энд Лоджистикс Ворлдвайд» ЖШС (Алматы облысы), «Ақ Бидай-Терминал» АҚ (Маңғыстау облысы) және «Достық» сауда-өндіріс кооперативі (Қарағанды облысы) үздік деп танылды.

Мемлекет басшысының «Алтын сапа» жүлдесінің «2014 жылдың үздік индустриалды жобасы» және «2014 жылдың өндірісіндегі үздік инновациялар» санаттарындағы арнайы жүлделері биылғы жылдың нәтижесі бойынша индустрияландыру жөнінен топ жарған «Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС (Ақтөбе облысы) және жыл инновациясында топ жарған «ПОСУК Титаниум» (POSUK Titanium) ЖШС-на (Шығыс Қазақстан облысы) табысталды.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінде 153 кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Байқау нәтижесіне сәйкес, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ (Алматы қ.), Павлодар машина жасау зауыты» АҚ (Павлодар облысы), «Жамбыл цемент өндіру компаниясы» ЖШС (Жамбыл облысы); «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша «ЖК Левин В.Д.»(Солтүстік Қазақстан облысы), «Бал Текстиль» ЖШС (Оңтүстік Қазақстан облысы), «БЛЭК» ЖШС (Ақмола облысы); «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша «Зерде-Фито» ЖШС (Оңтүстік Қазақстан облысы), «КЭММИ GROUP (Павлодар облысы), «Агрофирма «Диевская» (Қостанай облысы) дипломанттар атанды. Әр номинацияда І, ІІ, ІІІ дәрежелі үш дипломанттан болды.

Айта кетерлік жайт,  «Алтын сапа» жүлдесі пайда болған 8 жылдың ішінде мұндай зор атаққа 51 компания ие болды.

Ал, «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі өткелі бері республикалық деңгейде 97 жеңімпаз  анықталды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды