- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да ертегілер мен аңыздарды жариялайтын сайт ашылды
ҚР-да ертегілер мен аңыздарды жариялайтын сайт ашылды
www.ertegiler.kz желісі — еліміздің өнер шеберлерінің қатысуымен дайындаған қазақтың халық ертегілері мен аңыздарының бірегей аудио-нұсқасынан тұрады. Желінің бетпердесі үлкен мен кішіге де өте түсінікті әрі ыңғайлы жасалған.
Әр жұлдыздың астында онлайн тыңдау, жүктеп алу немесе мобильдік қосымша арқылы жүктеуге арналған батырма бар. Қазір өңделген он екі ертегі бар, жаңа жылға дейін барлығы 24 аңыз-ертегі шығады. Itunes-тан подкаст арқылы, немесе сайттан тікелей жүктеп алуға болады.
«Мобильдік қосымша қаңтар айынан бастап әске қосылады. Енді өзіңізге ұнаған ертегіні жүктеп алуға мүмкіндік болады. Бұл жоба - бүлдіршіндер үшін жаңа жылдық сыйлық болатынына сенім артамыз», дейді бастама авторы «Aray Media Group» студиясының өкілдері.
Жоба «Нұр Отан» партиясының «Балалық шақ» атты бағдарламасы аясында жарық көрді. Сонымен қатар, бастаманы қолдаған «Altyn Kyran» Халықаралық қайырымдылық қоры».
Жобаға атсалысқан барлық жұлдыздар ерекше бастамаға қызығушылық танытып, ақысыз қатысқанын атап өту керек. Әзіл-ысқақ театрының әртісі Тұрсынбек Қабатов екі ертегіні оқып болған соң өз ойымен бөлісті.
«Мен «әзіл-шыны аралас ертегіні оқып отырып, мұны бала кезде тыңдағанымды еске түсірдім. Үйде төрт балама міндетті түрде айтып беремін. Бала ертегі тыңдап өссе, оның ертеңгі күні жақсы болатынына кепілдік туады», - деді ол.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді