• Басты
  • Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен мәлімдемесі болашақтың бағытын нақты белгілейді – ҚР қаржыгерлер қауымдастығы
25 Желтоқсан, 2014 17:39

Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен мәлімдемесі болашақтың бағытын нақты белгілейді – ҚР қаржыгерлер қауымдастығы

Үкімет пен Ұлттық банктің 2015 жылға арналған экономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы бірлескен мәлімдемесі алдағы уақытта елдің даму бағытын айқындайды. Бұл туралы Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Асқар Елемесов Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен мәлімдемесі болашақтың бағытын нақты белгілейді – ҚР қаржыгерлер қауымдастығы

Аталған мәлімдеме бірлескен шаралардың жоспары. «Айта кету керек, мұнай бағасы төмендеп бара жатыр және Қазақстан маңайындағы геосаяси жағдай да оңай емес. Сол себепті бұл мәлімдеме бірінші кезекте мемлекет жоғарыдағы мәселелердің кесіріне ұшырамау үшін алдымен қоғаммен бірлесе жұмыс істеу қажеттілігін көрсетеді. Мен өзім экономист ретінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды Үкімет дер кезінде түсініп, оны қоғаммен бірлесе шешуге деген талабын құптап отырмын», - дейді А.Елемесов.

Сонымен қатар, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасының айтуынша, аталған мәлімдемеде Қазақстанның әлемдік деңгейдегі қолға алатын шаралары қадам-қадамымен нақты көрсетілген.

«Бірінші кезекте мемлекет тұрақтандырушы маңызға ие. Бұндай жағдай 2008-2009 жылдардағы дағдарыстарда да болғаны есімізде. Халықаралық Валюталық қордың мәліметінше, 2008 жылы Қазақстан бар болғаны 1 пайыздық құлдырауды бастан кешкен. Ал Ресей 5 пайыз, Украина 17 пайыз құлдыраған. Ол кезде де Қазақстанның дағдарысқа қарсы бағдарламасы сәтті болған еді», - дейді.

Сонымен қатар, ол бұл мәлімдеменің теңге курсының тұрақтылығын да қамтамасыз ететінін алға тартты.

Индира Қауметова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды