- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Даму Банкі 4G желісін кеңейту жобасын қаржыландырды
Қазақстанның Даму Банкі 4G желісін кеңейту жобасын қаржыландырды
««Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі - Банк, ҚДБ) «АЛТЕЛ» АҚ («Қазақтелеком» АҚ еншілес ұйымы) бүкіл ел бойынша кеңжолақты 4G (LTE) мобильді интернетіне қатынауды енгізу жобасын жүзеге асыру мақсатында кредит желісін ашты. Жобаның құны 104,9 млрд теңгені құрайды, қажетті қаражаттың шамамен 35%-ын Қазақстанның Даму Банкі 10 жыл мерзімге дейін ұсынады, несие беру валютасы – теңге», - делінген хабарламада.
Бұл Қазақстанның Даму Банкі Ұлттық Қор қаражатынан қаржыландырған бірінші жоба. 4G желісін іске қосу және дамыту Қазақстанның барлық қалаларында және елді мекендерінде жоспарланады. Жоба екі кезеңге бөлінген: бірінші кезеңде (2018 жылға дейін) жаңа дәуірдің сымсыз байланысын барлық ірі қалаларға, сонымен қатар тұрғындар саны 50 000-нан асатын елді мекендерге енгізу; екінші кезең (2022 жылға дейін) – еліміздің барлық елді мекендерінде LTE/GSM/UMTS желілерін дамыту және LTE желісін енгізу жоспарланады.
Жобаны жүзеге асыру интернет желісінде деректерді 100 Мбит/с дейінгі жылдамдықпен тасымалдау, жоғары және орта оқу орындарында электрондық білім алуды белсенді енгізу, сонымен қатар ағымды видео түсірілімдерді жоғары ажыратымдылықта көру мүмкіндігін береді.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері