• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысы жәрмеңкеге 800 тоннадан астам ауыл шаруашылық астығын әкелді

Қарағанды облысы жәрмеңкеге 800 тоннадан астам ауыл шаруашылық астығын әкелді

30 Қыркүйек, 2013 10:48
Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкесі болып өтті, қарағандылық фермерлер өз өнімдерін алға тартты, деп қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Астанада Қарағанды облысының 85 палаткасы ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде құрылды. 800 тоннадан астам астықты қарағандылықтар ұсынды. Таңертеңнен бастап жәрмеңкені жүзден артық адам тамашалады», - деп хабарламада жазылған.

Жәрмеңкеде облысты 9 қала, 9 аудан  таныстырды. Барлығы ауыл шаруашылық өнімдерінен тұратын тауарлар Астана тұрғындарына 2 күн ұсынылды.

Дүңгіршектерге ет, балық, шұжық, сүт, кондитерлік өнімдер қойылды.Сонымен қатар, елордалықтар мен қала қонақтарына қымыз, палау, бауырсақ  фестивалі ұйымдастырылды. Бұл жерде қалағандар ұлттық тағамнан дәм татты.

 

 

Барлық жаңалықтар