- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстік қазақстандық кәсіпкерлер Ауғанстанға 100 млн доллардың ұны мен макарон өнімдерін жеткізеді – ҰКП
Оңтүстік қазақстандық кәсіпкерлер Ауғанстанға 100 млн доллардың ұны мен макарон өнімдерін жеткізеді – ҰКП
Форумға Ауғанстаннның Балх өңірі Сауда-өнеркәсіптік палата президенті Насир Касими бастаған осы өңірдің ауғанстандық кәсіпорындардың ондаған өкілі келді.
«Шараның басты мақсаты Балх өңірі мен Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік орта арасындағы байланысты құру мен ОҚО-дан Ауғанстанға өнім сату мен сауда-экономикалық қатынасты қалыптастыру болып табылады. Естеріңізде болса, биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан кәсіпкерлері Ауғанстанға ат басын тіреген еді, ауғандардың бұл сапары соның жауабы ретінде болып отыр», - делінген хабарламада.
Хабарламада айтылғандай, форумда ұн, астық, макарон және кондитерлік өнім, алкогольсіз сусындар, ауыл шаруашылығы өнімдері мен құрылыс материалдары импорты әсіресе ауғандықтардың қызығушылығын арттырды. Жалпы, ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Жеңісбек Дулатовтың айтуынша, бұл елмен Қазақстан жоғары деңгейде экономикалық ынтымақтастық құра білген.
«Өткен жылы ҚР мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы шамамен 300 млрд долларды құраса, соның 90 пайызын қазақстандық өнім экспорты құрайды. Ал 31 млн халқы бар Ауған елінің тұтынатын барша өнімінің 90 пайызы қазақстандық кәсіпкерлердің өнімі екені белгілі», - дейді ол.
Балх өңірі Сауда-өнеркәсіп палатасының жетекшісі Насир Касими ауған елінің қазақстандық импортты көбейтіп, алдағы уақытта қазақстандық Кәсіпкерлер палатасы арқылы алынатын тауар түрлерін арттыруға ниетті екендіктерін жеткізді.
Сонымен қатар, форумда ОҚО инвестициялық мүмкіндіктері сөз болып, астық, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп мен машина құрастыру салаларындағы компаниялардың таныстырылымы болды.
ҰКП мәліметінше, екі күндік бағдарлама нәтижесінде Балх өңірі СӨП мен ОҚО ҚКП арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, тауар айналымы бойынша бірқаар келісімшарттарға қол қойылды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері