- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік комиссия ҚХА жылы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығы эмблемаларының үлгілерін бекітті (Фото)
Мемлекеттік комиссия ҚХА жылы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығы эмблемаларының үлгілерін бекітті (Фото)
«Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы логотипінің басты белгісі ретінде шаңырақ алынған. Шаңырақ елдегі бірлік, біртұтастық, бейбітшілік пен келісімнің нышаны. Шаңырақтың айналасында күн сәулелері тараса, оның ар жағында көгілдір аспан бейнеленген. Бұл өмір мен жылулықтың белгісі іспетті. Логотип жобасының негізі шеңбер, ол мәңгілік пен тұрақтылықтан хабар береді», - дейді мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов.
Оның айтуынша, логотип Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының келісімін алды.
ҚХА жылы Қазақстан Конституциясы 20 жылдығына арналған логотипті дайындауға алдыңғы қатарлы дизайнерлер мен сарапшылар тартылып, осы саладағы әлемдік тәжірибе ескерілген.
Қазіргі таңда логотип комиссия мүшелері тарапынан келісім алу процедурасынан өтіп жатыр.
Отырыс барысында 2015 жылғы мерейтой шараларын ұйымдастыру мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру мен өткізу шараларының Ұлттық жоспарын іске асыру, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған шараларды өткізу жайы қозғалды.
«Үйлестіру және ақпараттық ағындарды құру үшін 2015 жылға арналған медиалық кесте дайындалды. Онда республикалық дәрежедегі барлық шаралар кіреді. 2015 жылға арналған медиажоспар 168 шарадан тұрады, оның ішінде 92- республикалық, 76-өңірлік дәрежедегі шаралар. Бұл 2015 жылға арналған шаралар «жүйкесі», ол басты щараны өткізіп алмауға септігін тигізеді», - деді Орталық коммуникациялар қызметінің жетекшісі Ержан Бабақұмаров.
Камила Амирова
Суретке түсірген Азамат Алиева
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді