Парламент Сенатының 2015 жылға арналған Негізгі шаралар жоспары бекітілді

24 Желтоқсан, 2014 18:17
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенаторлар «2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметінің арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»; «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы»; «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Халықаралық теңіз ұйымының аудитінен өту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым); «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы»; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қарулы Күштері және Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым); «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым) заң жобаларын қарауды жоспарлады.

Бюро отырысында Парламент Сенатының 2015 жылға арналған Негізгі шаралар жоспары, сондай-ақ Қазақстан Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру  жөніндегі Парламент Сенатының шаралар жоспары бекітілді.

 

Барлық жаңалықтар