- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық саяхатшы әлемнің бірнеше еліне барып, ЭКСПО-2017 көрмесі туралы айтып бермек
Қазақстандық саяхатшы әлемнің бірнеше еліне барып, ЭКСПО-2017 көрмесі туралы айтып бермек

Экспедиция 25 желтоқсанда басталады. Құрамында журналист пен телеоператорлар бар 4 адамнан құралған шығармашылық топ Сауд Арабиясы – Оман – Комор аралдары – Сейшелл аралдары – Мадагаскар – Маврикий – Мальдивалар – Шри-Ланка – Үндістан бағытын жүріп өтпек.
Бұл сапарлар Қазақстанның халықаралық сахнадағы танымалдығын арттыру, инвесторлар мен туристерді тарту, сондай-ақ, халықтың кең тобын Қазақстанда ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің өткізілетіні туралы ақпараттандыру үшін ұйымдастырылып отыр.
Осы жылдың қаңтар-мамыр айында бағыты 26 елден өткен «Queen Elisabeth» круиздік лайнеріндегі жер шарын айналатын 120 күндік саяхаты барысында Сапар Ысқақов ЭКСПО-2017 көрмесіне қолдау көрсетуге арналған науқанды өткізген болатын.
Осыған дейін халықаралық экспедиция құрамында Сапар Ысқақов Қазақстан Республикасы, Астана қаласы және «Нұр Отан» партиясының жалауларын Оңтүстік полюсте (2007 жылы), Солтүстік полюсте (2008 жылы) алғаш рет тігіп, 22000 метр биіктікте стратосферада (Төменгі Новгород, Ресей) жауынгерлік МИГ-29 жойғыш ұшағының кабинасына Қазақстан жалауын алды. Жалпы есеппен қазақстандық саяхатшы әлемнің 100-ден аса елінде болып қайтқан.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды
-
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді
-
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді
-
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді
-
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы
-
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді
-
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары
-
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді
-
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады

