- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мәжілісі жыл қорытындысын жасады
ҚР Мәжілісі жыл қорытындысын жасады
Мәжіліс Төрағасының атап өткеніндей, депутаттық корпус Елбасының төртінші сессияның ашылуында жүктеген маңызды міндеттерін дер кезінде әрі сапалы орындау үшін бар күш-жігерін жұмсап келеді.
Осы жолда мәжіліс өкілдерінің қарауынан өткен негізгі заң жобаларының қатарында Президент жедел қарау жөнінде тапсырма берген мемлекеттік органдар деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату, салық салу мен жер қойнауын пайдалану мәселелеріне қатысты құжаттар бар.
Сондай-ақ, Мәжіліс Спикері 2014-жылғы бюджетті нақтылау мен алдағы үш жылдық бюджетті қалыптастыру бойынша депутаттық корпустың тиянақты жұмыс атқарғанын алға тартты.
Осы ретте Қ. Жақыпов Елбасының саясатына сәйкес, әлемдік экономикалық дағдарыс салдарына қарамастан ел бюджетінің өз азаматтарының алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді толықтай орындауға бағытталғанын, сонымен қатар, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатты, соның ішінде 7 инфрақұрылымдық бағытты жүзеге асыруға толықтай қаржы бөлінгенін атап өтті.
Мәжіліс Спикерінің айтуынша, тұрғын-үй қатынастары мәселелері жөніндегі заңнаманың жаңаруы, сонымен қатар, бүгін мәжілісмендер екінші оқылымда мақұлдаған жастар саясаты туралы заң қазақстандықтардың, елдің игілігіне оң әсерін тигізетініне көңіл бөлді.
Жалпы сессия басталғаннан Мәжілісте 104 заң жобасы болды. Оның 38-і қаралып Сенатқа жолданды. Ал, 27 құжатқа Елбасының қолы қойылып, өз күшіне енді. Сондай-ақ, сессия басталғаннан бері 22 халықаралық келісім ратификацияланды.
2014 жылды қорытындылай келе, Мәжіліс төрағасы оның Қазақстан үшін жақсы және жемісті жыл болғандығын атап өтті.
Бүгінгі күні Мәжіліс қоржынында эконмикалық және әлеуметтік маңызды салаларға қатысты 66 заң жобасы бар. Оның ішінде депутаттар бастамашы болған ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер туралы заң жобасын атап өтуге болады.
Мәжіліс Төрағасы депутаттық корпусқа, саяси партиялар парламенттік фракцияларының, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне, мемлекеттік орган өкілдеріне бірлескен табысты жұмыс үшін өз алғысын білдіріп, 2015-жыл Қазақстан үшін ең дамыған 30 елдің қатарына кіру, халықтың әл-ауқатын көтеру жолындағы тағы бір жемісті жылдардың бірі болатындығын жеткізді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді