- Басты
- Жаңалықтар
- Депутат М.Пішембаев қазақстандық қамтуды ұлғайтуды ұсынды
Депутат М.Пішембаев қазақстандық қамтуды ұлғайтуды ұсынды
Депутат М.К.Пішембаев «Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы Қазақстаннның машина жасау саласын өсірудің драйверіне айналды. 2009 жылы өндіріс көлемі 282 миллиард теңгені құрады, 2015 жылғы мақсатты индикатор 588 млрд. болып белгіленді. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 900 млрд. астам болады, яғни индикатор екі еседен аса артығымен орындалды.
Дженерал Электрик, Альстом, Тальгомен бірлесіп, Қазақстанда локомотивтер мен вагондарды жасап шығару жолға қойылды. Мұнай-газ, тау-кен және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау дамып келеді, арнайы техниканы да біз өзіміз өндіреміз, энергетика саласына арналған турбиналарды жасауды да меңгеріп алдық, жүк және жеңіл автокөліктерін өндіру көлемі өсіп келеді.
Осының барлығы да Елбасымызда алысты болжаған саясатының, оның жеке қолдау көрсетуінің, сондай-ақ үкімет пен Машина жасаушылар одағының ымыраласа жұмыс істеуінің арқасында мүмкін болуда.
Индустриаландырудың келесі бесжылдығында Мемлеке басшысының экономиканы әртараптандыру, шикізатқа тәуелділікті азайту, өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру, машина жасау өндірісінің өнімінің көлемін 2 трлн. теңгеге дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындауға мүмкіндік бар.
Өндіріс өсімін арттыру мақсатында қажетті тетіктердің бірі – жарғылық капиталына мемлекет пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» компаниясының тобының қатысатын, кәсіпкерлермен ең кемі үш жылға жасалатын, ұзақмерзімді сатып алудың бірыңғай ережесі бола алады.
Ұзақмерзімді келісімдер өндірісті жоспарлаудың тиімділігін арттырады, операциялық шығындарды және үрдіске қатысушылардың барлығының дерлік қағазбастылығын азайтады», - деп атап айтты.
«Біз Сізден, Кәрім Қажымқанұлы, уәкілетті мемлекеттік органдар мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-на:
- отандық кәсіпорындармен тауар жеткізудің, жұмыс пен қызмет көрсетудің ұзақмерзімді келісімдерін жасауды реттейтін, оның негізі мен критерийлерін айқындайтын құжат әзірлеуді;
- «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялары арасындағы сатып алу үрдістерін бірегейлендіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
- ортамерзімді және ұзақмерзімді перспективадағы даму жоспарлары, тауарға, жұмыс пен қызмет көрсетуге сұраныс туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуді тапсыруды сұраймыз» - деп аяқтады сөзін депутат М.К.Пішембаев.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді