- Басты
- Жаңалықтар
- ЕЭК алқасы ЕАЭО Кедендік кодексінің жобасын мақұлдады
ЕЭК алқасы ЕАЭО Кедендік кодексінің жобасын мақұлдады
ЕЭК алқасы шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі жобасы мақұлданып, мемлекетішілік келісім алу үшін КО мен БЭК елдеріне бағытталды.
Сонымен қатар, отырыста ЕЭК алқасы Кедендік одақтың бірқатар шешімдеріне өзгерістер енгізіп, соның ішінде кедендік рәсімдеу шараларында қолданылатын классификаторға қатысты, олардың қолданылуы мен 2010 жылдың 20 қыркүйегіндегі Кедендік одақ комиссиясының № 375 Шешімімен бекітілген кедендік аумақтан тыс жерде кедендік рәсімдеу процедурасына тыйым салынған тауарлар тізіміне өзгерістер енгізді.
Және де кедендік құжаттардың электронды көшірмесінің форматы мен құрылымына қатысты ЕЭК алқасының кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мақұлданды.
ЕЭК алқа мүшелері кедендік тасымалдаушылар реестріне енгізу туралы куәлік формасына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.
«ЕЭК алқасы 2015-2018 жылдарға арналған Комиссия мен Біріккен ұлтардың азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымымен (ФАО) өзара байланыс шаралары жоспарының жобасын мақұлдады. 2013 жылдың қарашасында қол қойылған Комиссия мен ФАО арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыру аясында бірлескен бірқатар шараларды қарастыратын жоспар дайындалды. Атап айтар болсақ, конференция, семинар мен тренингтер ұйымдастыру және агроөнеркәсіптік кешен саласында техникалық кеңес беру мен өзге де шаралар қарастырылған», - делінген хабарламада.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
«Ашық» жобасының iске асырылуы -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика