- Басты
- Жаңалықтар
- БҚО-да ауыл шаруашылығын дамытуға 2015 жылы 5,8 млрд теңге бөлінеді
БҚО-да ауыл шаруашылығын дамытуға 2015 жылы 5,8 млрд теңге бөлінеді
«Бюджетті нақтылау республикалық бюджеттен түсетін трансферттер көлемінің төмендеуі және болжамды өзгертуге байланысты. Ол жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге төмендейді, оның ішінде 298,3 млн теңге мақсатты трансферттер бойынша. Қосымша білім беру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және табиғатты пайдалану салаларының шығындары да қайта қарастырылды. Енгізілген өзгертулерді есепке ала отырып ағымдағы жылдың облыстық бюджеті 112,9 млрд теңгені құрайды», - делінген хабарламада.
2015-2017 жылдарға есептелген облыс бюджеті туралы айтатын болсақ, жалпы түсімдер мен шығындар көлемі 118,2 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 53,6 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер мен несиелер.
«Әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау мен білім беру салаларына, өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында 60,4 млрд теңге қарастырылған. Осы ретте ауыл шаруашылығын дамытуға 5,8 млрд теңге, көлік инфрақұрылымын дамыту үшін - 6,9 млрд теңге бөлінеді», - деп хабарлады облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Руслан Бектемір.
Айта кетерлік жайт, 2015 жылы бірқатар жаңа мақсатты трансферттер қарастырылды. Олар Ұлы Отан Соғысының 70-жылдығына арналған шараларды өткізуге, еңбек жағдайының ауырлығына байланысты жалақыға қосымша ақы қосуға, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге, қайта өңдеу саласындағы кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға арналатын болады.
Әкімдіктен атап өткендей, екі білім нысанын, денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен спорт, көліктік инфрақұрылым, ауылды жерлерді сумен қамтамасыз ету және оны бұру, тұрын үй мен инженерлік-коммуникация жүйесін салу салаларында бір-бір нысанның құрылысын жүргізу үшін мақсатты трансферттер қарастырылған.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді