- Басты
- Жаңалықтар
- Прокурорлық ықпал ету актілері бойынша мемлекетке жалпы құны 289 млн теңгенің мүлкі қайтарылды
Прокурорлық ықпал ету актілері бойынша мемлекетке жалпы құны 289 млн теңгенің мүлкі қайтарылды
«Статистикалық мәліметтерге сәйкес, осы жылдың 11 айында әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықтың сақталуына 14100 тексеру жүргізілген, нәтижесінде 368 488 заң бұзушылық анықталған. 34 мыңнан аса прокурорлық қадағалау актілері қолданылып, 51 257 қызметкер түрлі жауапкершіліктерге тартылған, мемлекет кірісіне 71 025 млн. теңге шығын өндірілген. Прокурорлық ықпал ету актілері бойынша мемлекетке жалпы құны 289 342 млн. теңгені құрайтын мүлік қайтарылған», - делінген хабарламада.
Прокурорлық қызметтің басты бағыттарының бірі – мемлекеттік органдар қабылдайтын актілердің заңдылығын қадағалау болып табылады. Мысалы, осы мерзімде прокурорлық ықпал ету актілері бойынша 29 мыңнан аса заңсыз актілер өзгертілген және бұзылған, оның ішінде 191-і нормативтік құқықтық акті, оның 50-і әділет органдарында тіркелген. Шектеусіз орта адамдарының конституциялық құқығына қатысты 4 заңсыз акті бұзылған және өзгертілген. Жалпы 380 мыңнан аса азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалған.
Осы жылы екінші жартыжылдығынан бастап прокуратура органдары азаматтардың жүгінулерін есепке алу бойынша құжаттарды «Арнайы есепке алу» ААЖ-да ықпалдастыруға кірісті. Соның нәтижесінде 11 айда прокуратура органдары азаматтар мен заңды тұлғалардың 210 мыңнан аса жүгінулерін қараған. Оларды қарау нәтижесінде 283 ұйғарым орындалып, 626 наразылық қанағаттандырылды, 1476 заң бұзушылықты жою туралы ұсыныстар қаралды, жалпы сомасы 51 480 млн. теңгені құрайтын 31 азаматтық талап арыз қанағаттандырылған. 1690 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды