- Басты
- Жаңалықтар
- ҚазҒЗ АҚ құнды қағаздарының 50% электронды аукционда 503,7 млн теңгеге сатылды
ҚазҒЗ АҚ құнды қағаздарының 50% электронды аукционда 503,7 млн теңгеге сатылды
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің электронды алаңында өткен кезекті сауда барысында «Академик Ш.Ш. Шөкин атындағы ҚазҒЗ Энергетика институты» АҚ құнды қағаздарының 50,0005% электронды аукционда сатылды», - делінген хабарламада.
«Академик Ш.Ш.Шөкин атындағы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институты» АҚ негізінен электроэнергетика және маркетинг саласында зерттеу жүрігізіп, электр қуатын тұтыну, электр қуаты жүктемелері мен электр станцияларын дамыту, электр желілері қуатының балансы мен кәсіпорындарға энергетикалық аудит жүргізу қызметтерімен айналысады. Активтің құны бастапқы сауда бағасынан 2% қымбаттап, институт 503,7 млн. теңгеге сатылды.
«Самұрық-Қазына» компаниялары Тобының жекешелендіру бағдарламасы аясында атқарылған кешенді шаралар нәтижесінде бүгінгі күнге дейін жалпы сомасы 4,1 млрд. теңгеге 11 актив сатылды. Саудаға алғаш шығарылған тұста олардың құны 2,5 млрд. теңге деп белгіленген болатын.
Таяу арада саудаға қойылатын барлық компаниялар мен оларды сату ережелері туралы толымды ақпарат Қордың ресми сайтындағы «Жекешелендіру» айдарында, сондай-ақ, Жекешелендіру бағдарламасының операторы «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-нің ресми сайтында жарияланған.
Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасын орындау аясында ҚР Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» АҚ бірлесіп, 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарын әзірлеген болатын. 2014-2020 жылдар аралығында Қор иелігіндегі 106 активті жекешелендіру жоспарланған. Бағдарламаны жүзеге асыру алдымен экономикадағы мемлекеттің қатысуын азайтып, жеке меншік сектордың үлесін арттыру арқылы оның негізін нығайта түсуді көздейді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды