• Басты
  • Н.Назарбаев: 2015 жыл тарихқа еуразиялық ықпалдастықтың жаңа кезеңі ретінде кіреді
24 Желтоқсан, 2014 09:16

Н.Назарбаев: 2015 жыл тарихқа еуразиялық ықпалдастықтың жаңа кезеңі ретінде кіреді

2015 жыл тарихқа еуразиялық ықпалдастықтың жаңа кезеңі ретінде кіреді, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындысына арналған бірлескен баспасөз мәслихатында, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Н.Назарбаев: 2015 жыл тарихқа еуразиялық ықпалдастықтың жаңа кезеңі ретінде кіреді

«Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енеді. Еуразияның ұланғайыр кеңістігінде тұңғыш рет ерікті, теңқұқылы және өзара тиімді негізде қуатты табиғи және ресурстық әлеуеті, жаһандық және өңірлік ауқымда стратегиялық маңызды көлік, энергетика және технологиялық жүйесі бар экономикалық бірлестік құрылады», – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев елдеріміз ХХІ ғасыртың сын-қатерлеріне жауап бере отырып, экономикалық әлеуетті біріктіргенін атап көрсетті.

«Еуразиялық экономикалық одақ ең алдымен қарапайым адамдар мен олардың мүдделері үшін құрылды. Балтықтан Тынық мұхитына дейінгі, Арктикадан Тянь-Шаньға дейінгі орасан кеңістікте Одаққа мүше мемлекеттердің 180 миллионға жуық азаматтары бизнес жүргізуге, еркін сауда мен жұмыспен қамтылуға, коммуникацияларды пайдалануға, өңіраралық ынтымақтастық пен өзара гуманитарлық ықпалдастықты  кеңейтуге тең мүмкіндіктер алады. Берік экономикалық іргетас құру арқылы біз елдеріміз бен халықтарымыздың арасындағы достықты, тату көршілік пен сенімді нығайтамыз», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қатысушы елдер бүгінде татулықтың, келісімнің, өзара пайда мен қолдаудың  ұзақмерзімді бағытын таңдағанына назар аударды. 

«Экономикалық тұрғыдан ықпалдаса отырып, біз саяси егемендіктің, мәдени тәуелсіздіктің және халықтарымыздың тілдік бірегейлігінің мызғымас қағидаттарын нығайтамыз. Сонымен бірге, әлемдік нарықтардағы тұрақсыздық, санкциялық саясат, әлемнің жетекші державалары арасындағы сенімнің әлсіреуі, саяси ахуалдың ушығу қаупі Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасу үдерісіне ықпал ететін болады. Біз бұл сын-қатерлердің бәрін ескереміз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті еуразиялық экономикалық ықпалдастық идеясын жүзеге асыруға атсалысқандардың барлығына ризашылығын білдірді.

«Біздің одақ құруға бастаған жолымыз екі онжылдықққа созылды. Ол менің 1994 жылы М.Ломоносов атындағы ММУ-де сөйлеген кезімде ұсынылған идеядан нақты іс жүзіндегі шешімге айналды. Әрбір еліміздің ұлттық мүдделелері, экономикалық мүмкіндіктері ескерілген барлық қажетті мемлекетаралық құжаттарды дайындау үшін орасан жұмыс атқарылды. Мұның ар жағында сарапшылардың, саясаткерлердің, депутаттардың, бизнес пен мемлекеттеріміздің жұртшылық өкілдерінің зор еңбегі тұр», – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО қызметінің шарттарын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтты.

«Біз ықпалдастығымыз өзге мемлекеттер үшін экономикалық серіктестіктің тартымды үлгісіне айналып, ЕАЭО-қатысушылар саны ұлғаюы үшін бәрін жасауға тиіспіз. Біздің экономикалық одақ – әлемнің барлық ықпалдастық бірлестіктерімен, соның ішінде Еуропалық одақпен де өзара тиімді ынтымақтастық үшін ашық ұйым. Елдеріміздің барша азаматтарын Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен құттықтаймын», - деді Қазақстан Президенті.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды