• Басты
  • «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Халықаралық көрмеге отандық бизнесті тартуда
23 Желтоқсан, 2014 19:37

«Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Халықаралық көрмеге отандық бизнесті тартуда

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен Павлодар облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ол бойынша өңірдегі кәсіпкерлер ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне ат салысатын болады.
«Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Халықаралық көрмеге отандық бизнесті тартуда | Strategy2050.kz

ЭКСПО-2017 нысандарын салатын бас мердігерлер мен павлодарлық тауар өндірушілері арасында ынтымақтастық туралы тоғыз меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, астаналық «Mabco construction s.a.» құрылыс фирмасы және павлодарлық қара және түсті металдардан түрлі өнімдер шығаратын «Кастинг» болат құю зауыты өзара әрекеттесу туралы келісті.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстарының тауар өндірушілерімен Халықаралық көрмеге дайындыққа аймақтық бизнесті тарту туралы мәмілелерге қол қойған. Оның мақсаты - «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық жоспарды жүзеге асыруға жан-жақты көмек және қолдау көрсету үшін күш жұмылдыру, сондай-ақ, Қазақстанның әрбір аймағында көрмені насихаттау.

Отандық тауар өндірушілерімен меморандумдарға қол қоя отырып, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы ел аймақтарын ең ірі жобаны дайындауға тартуға ниетті. Осылайша, компания Астанадағы көрме кешенінің құрылысына қажетті материалдардың өндірісімен айналысатын шағын және орта бизнес субъектілерін жұмыспен қамту туралы Елбасының тапсырмасын орындауда.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды