- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңес құрылды
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңес құрылды
ҚР ҰКП Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңесі бизнес, мемлекеттік орган, жұртшылық, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. өкілдерін өзекті мәселелерді талқылауға тартатын болады.
Ұлттық палатаның жаңа органы қызметі бағыттарының бірі орталық және жергілікті атқарушы органдарға жас кәсіпкерлердің жұмыс жасау процесінде туындайтын түйткілдерді шешуде консультация беру болмақшы. Кеңес халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнататын болады.
ҚР ҰКП Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңесінің Төрағасы – танымал қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев. Кеңес құрамына жас кәсіпкерлер, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР ҰКП, ҚР Ұлттық банкі, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі өкілдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері кірді.
24 желтоқсанда ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың қатысуымен Кеңестің бірінші отырысы өтеді. Отырыста өзекті түйткілдерді талқылаумен бірге 2015 жылға арналған Жұмыс жоспары бекітіледі деп күтілуде.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі