- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодарлық кәсіпорындар ЭКСПО-2017 құрылысына қатысуға мүдделі
Павлодарлық кәсіпорындар ЭКСПО-2017 құрылысына қатысуға мүдделі

«ЭКСПО-2017 нысандарын салатын бас мердігерлер мен павлодарлық тауар өндірушілері арасында ынтымақтастық туралы тоғыз меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, астаналық «Mabco construction s.a.» құрылыс фирмасы және павлодарлық қара және түсті металдардан түрлі өнімдер шығаратын «Кастинг» болат құю зауыты өзара әрекеттесу туралы келісті. Сондай-ақ, ЭКСПО нысандар құрылысының бас мердігері «Базис ҚК» компаниясы «ҚазБитумҚызмет» (жабындық және су өткізбейтін материалдар өндірісі) және «МВИ зауыты» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды», - делінген хабарламада.
Дәл осындай келісімге ұлттық компанияның бас мердігері «АБК Құрылыс-1» және павлодарлық «Стирол» компаниясы (пенополистиролды тақталарды шығару), «Қазэнергокабель» (сым-өткізгіш өнімдер өндірісі) отырды. Елордалық «МагАстана – Транс» компаниясы «ҚазБитумҚызмет» зауытымен, «ТрестСАЭМ» АҚ компаниясы «Қазэнергокабель» компаниясымен және «САЭМ МҚЗ» металл құрылмалары зауытымен өзара әрекеттестік туралы мәмілеге қол қойды. «Сембол» құрылыс компаниясы «Ремстрой» ЖШС-мен (бетонды және бордюрлық сымды, аяқжол тақталарын дайындау) ынтымақтасу туралы келісті.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК басшысы Талғат Ермегияев өз сөзінде Павлодар облысы еліміздің инфрақұрылымы дамыған мықты өнеркәсіптік орталығы болып табылады және елордаға жақын орналасқан өңірлердің бірі екенін ерекше атап өтті.
Бұған дейін «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстарының тауар өндірушілерімен Халықаралық көрмеге дайындыққа аймақтық бизнесті тарту туралы мәмілелерге қол қойған. Оның мақсаты - «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық жоспарды жүзеге асыруға жан-жақты көмек және қолдау көрсету үшін күш жұмылдыру, сондай-ақ, Қазақстанның әрбір аймағында көрмені насихаттау.
Отандық тауар өндірушілерімен меморандумдарға қол қоя отырып, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы ел аймақтарын ең ірі жобаны дайындауға тартуға ниетті. Осылайша, компания Астанадағы көрме кешенінің құрылысына қажетті материалдардың өндірісімен айналысатын шағын және орта бизнес субъектілерін жұмыспен қамту туралы Елбасының тапсырмасын орындауда.
-
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды
-
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады
-
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды
-
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі
-
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады
-
ТДМ: «3.2.1. Старт!» жастар жобасына қалай қатысуға болады, талаптары қандай
-
Astana Hub: Инвесторларға арналған курсқа қалай қатысуға болады
-
Ең озық қолжетімді технологияларды енгізетін кәсіпорындар экологиялық төлемдерден босатылады
-
Б. Сапарбаев Тараздағы құрылыс кәсіпорындарының жұмысымен танысты
-
Нұр-Сұлтан мен Алматыда кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
-
Б.Нұрымбетов: Кәсіпорындар жұмысшы жалақысынан жинақтаушы қорға қаржы аудармай отыр
-
Кәсіпкерлер ауыл шаруашылығын дамытуға мүдделі
-
Қазақстан құс еті бойынша ішкі нарық қажеттілігін толығымен қанағаттандыруға мүдделі
-
Президент Әкімшілігі қоғамдық мемлекеттік емес ұйымдармен жұмысты жаңа сатыға шығаруға мүдделі - М.Әшімбаев
-
«ЕвроХим» минералды тыңайтқыштар зауытының құрылысына $1 млрд инвестиция салады

