- Басты
- Жаңалықтар
- Тәуелсіздік рухы- болашақты құрудың кепілі – Омаров
Тәуелсіздік рухы- болашақты құрудың кепілі – Омаров
Оның айтуынша, 90 жылдары өзінің алғашқы тәуелсіз ғұмырына аяқ басқан жас Қазақстан Республикасы халықтың әл-ауқаты мен гүлденуіне бағытталған өзіндік даму жолына түсті. «Тәуелсіздіктің 23 жылында қол жеткізген барлық жетістіктеріміз Елбасының ерен еңбегінің арқасы. Оның көрегендігі мен даналығының арқасында Қазақстанның барлық азаматтары ертеңгі күнге үлкен сеніммен қарай алады. Тәуелсіздік рухы болашағымызды құруымыздың кепілі», - дейді ол.
Әрине, елдегі экономикалық және саяси жағдайларға әлемдік ахуалдардың да өзіндік ықпалы болмай қоймайды. Посткеңестік өзге де елдер секілді Қазақстан да әлемдік экономикалық дағдарыстарды бастан өткеруге мәжбүр болып отыр.
Тәуелсіздіктің жиырма үшінші жылымен құттықтаған Елбасы аталмыш мереке күні былай деді: «Қазірде ешбір ел мен халыққа оңайға соғып отырған жоқ. Әлемдік нарық көмірсутек пен металл бағасының төмендеуіне байланысты күрделі кезеңді бастан өткеруде. Бұл біздің экспортқа шығаратын басты байлығымыз екені анық. Бізге де осы орайда әлемдік экономиканың әсері өзіндік ықпалын тигізеді. Бұны әрбір қазақстандық түсіне білуі керек. Сол себепті біз бюджет шығындары мен кейбір қаражатты қысқартуымыз мәжбүрліктен туындамақ. Дегенмен мемлекет өзінің халқы алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді қысқартпайтынын тағы қайталаймын».
«Қалалық мәслихат депутаты, медицина қызметкері ретінде бюджеттік шығындардың қысқартылуы мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерінен айналып өтетіні мені қатты қуантады. Қазақстанда ауыл амбулаторияларының құрылысы жалғасып жатыр. Сонымен қатар, әлеуметтік бағдарламалар да өз бағытымен дами бермек. Сөзсіз, алда айтарлықтай көп шаруа бар. Біздің бағындыратын биігіміз әлі алда», - дейді Омаров.
-
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Мерейтой қалай тойланады -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында -
Бірлік пен татулық – даму кепілі