• Басты
  • РАНТ мүшелері Атырау МӨЗ ұжымымен Жолдаудағы маңызды мәселелерді талқылады
23 Желтоқсан, 2014 17:48

РАНТ мүшелері Атырау МӨЗ ұжымымен Жолдаудағы маңызды мәселелерді талқылады

Атырау МӨЗ ұжымымен кездесу барысында ҚР энергетика вице министрі Ұзақбай Қарабалин бастап келген республикалық ақпараттық насихаттау тобының мүшелері «Нұрлы жол» халыққа Жолдауындағы маңызды мәселелерді талқылады.
РАНТ мүшелері Атырау МӨЗ ұжымымен Жолдаудағы маңызды мәселелерді талқылады | Strategy2050.kz

Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, бүгінде зауытта хош иісті көмірсутегі, бензол пен параксилол өндірісін іске қосу кешенін дайындаудың соңғы жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мехинакалық бөлімін пайлануға беру 25 желтоқсанда өтуі керек. Сонымен қатар мұнайды терең өңдеу кешенін құру жұмыстары қатар жүргізілуде. «Бұл жобалар ҮИИД МБ аясындағы өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалардың ішіндегі ірілері. Қайта құру жұмыстары аяқталған соң зауыт жылына 1 млн 750 тонна жоғары октанды бензинді өндіре алатын болады. Бұдан басқа, 1 млн 640 мың тонна дизельді,  244 мың тонна реактивті отын өндіреді. Айта кетерлік жайт, өнімнің барлығы экологиялық таза және Еуро-4 халықаралық стандартына сай болуы тиіс», - делінген хабарламада.

Осы ретте Елбасының жолдауда атап көрсеткен міндеттерді тілге тиек еткен Ұзақбай Қарабалин зауыт жұмысшыларының назарын өнімнің сапасының жоғарылығы мен олардың халықаралық стандарттарға сай болуына аударды.  Сонымен қатар, ол мұнай иелерімен жұмыстың ашық жүргізілуін міндеттеді. 

«Бүгінгі қалыптасқан жағдайда, яғни мұнай бағасы әлемдік нарықта төмендеген кезде шикізат өткізушілері өз өнімін экспорттаудың қиын жолын іздестіруін болдырмау керек. Олар өздерінің өнімдерін зауытқа алып келуі тиіс. Барлық процесті өз көздерімен көріп, дайын мұнай өнімін еш қиындықсыз алуына жағдай жасау керек», - деді бірінші энергетика  вице-министрі.

 «Әлемдің нарықтағы мұнай бағасының төмендеуі отандық мұнайды өңдеу саласында жаңа проблемаларды туғызуы мүмкін. Қазақстанға үлкен көлемде Ресейден мұнай мен мұнай өнімдері ағылуы мүмкін. Бұл жаман, себебі біздің зауыттарымыз тауарды көптеп алып алуы ғажап емес.  Егер Қазақстан мен Ресейдегі баға теңестірілетін болса, онда біздің жанармай сыртқа шығарылмайтын болады және ол өз кезегінде олқылықтарды болдырмайды», - деді Ұ. Қарабалин.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан жаңа кен орындарын іздестіру жұмыстарын жалғастырады.

«2015 жылы біз «Еуразия» жобасын жүзеге асыруға кірісеміз. Ол Каспий маңы ойпатында геологиялық зерттеу жүргізуді көздейді.  Біздің ойымызша зерттеу нәтижесін берсе Қазақстанда өндірілетін мұнай қоры 60 млрд тоннаға дейін артуы мүмкін. Бұл жұмыстар Ресей Федерациясымен бірлесіп жүзеге асырылатын болады және жақын арада осы мақсатта келісімге қол қойылады», - деп толықтырды Ұзақбай Қарабалин.

Ол атап өткендей, қосымша кен орындарын іздестіру геологиялық барлау жұмыстары жүргізілмеген жағдайда 2030 жылы төмендеп кететін Қазақстандағы мұнай қорын толықтыруға мүмкіндік береді.

Бірінші вице-министр хабарлағандай, Қазақстанда жылына шамамен 80 млн тонна мұнай  өндіріледі, олардың 14 млн елімізде қайта өңделеді. 2017 жылға қарай қайта өңдеу 25 млн тоннаға жетсе, өндіру көлемін жылына 110-115 млн тоннаға көтеру жоспарланған.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды