- Басты
- Жаңалықтар
- Малайзиялық GMM Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезімен ынтымақтастық орнатуға мүдделі - СІМ
Малайзиялық GMM Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезімен ынтымақтастық орнатуға мүдделі - СІМ
Малайзиялық серіктес, Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында және жаһандық деңгейде ұстамдылық үдерісін ілгерілету, азаматтық қоғам институттарын дамыту, радикалдық тұжырымдамаларға қарсы күресу мақсатында 2010 жылы Малайзия Премьер-министрі Н.Разактың бастамасымен құрылған GMM-нің басты міндеттері туралы баяндап берді. Осы орайда, Ұстамдылар күштерінің 2-ші Халықаралық конференциясы 2015 ж. наурыз айында Куала-Лумпурда өтетіні атап айтылды.
Елші Д.Сарекенов, өз кезегінде, малайзиялық қонаққа Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін шақыру бойынша ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы туралы айтып берді. Қазақстандық дипломат, 2015 жылдың 10-11 маусымында Астана қаласында «Діни лидерлер мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы үнқатысуы» тақырыбындағы мерейтойлық 5-ші Съезі өтетіні туралы хабарлады. Осы орайда, діндер мен мәдениеттердің арасындағы жаһандық сұхбатты ілгерілету, төзімділік мәдениеті мен өшпенділік пен экстремизмге қарсы өзара сыйластықты дамыту секілді Съезд пен GMM-ге ортақ негізгі басымдылықтары атап айтылды.
Сонымен қатар, ҚР Елшісі, Қазақстан мен Малайзияның этникалық және конфессиялық алуандылық бойынша айқын ұқсастығын айтып, осыған орай ерекше қоғамдық-саяси институты – Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы баяндап берді.
Кездесу нәтижелері бойынша «GMM – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі» және «GMM – Қазақстан халқы Ассамблеясы» бағыттары бойынша жүйелі байланыстар орнату, соның ішінде өзара іс-шараларына қатысу және институтаралық қатынастарды нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы