• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында ҮИИД МБ аясында 105 млрд тенгеден астам қаражатқа 46 жоба жүзеге асырылды

Ақмола облысында ҮИИД МБ аясында 105 млрд тенгеден астам қаражатқа 46 жоба жүзеге асырылды

23 Желтоқсан, 2014 14:15
Ақмола облысында жүзеге асырылған ҮИИД МБ-ның алғашқы бесжылдығының нәтижесі баршылық. ҮИИД МБ аясында 105 млрд тенгеден астам қаражатқа 46 жоба жүзеге асырылды, деп ОКҚ брифингінде хабарлады Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мәлімдеді.

«Индустрияландыру картасы бойынша 105, млрд тенгеге 46 жоба жүзеге асырылып,  5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Іске қосылған кәсіпорындардың 32 - дайын өнім шығарса, 19 - жоғары құны қосылған өнімді өндіреді», - деп мәлімдеді әкім.

С. Кулагин хабарлағандай, ЖӨӨ құрылымындағы қайта өңдеу өндірісінің көлемі 9%-дан 14%-ға дейін, инновациялық белсенділік деңгейі 1,2%-дан 7%-ға дейін артты.

«Осы жылы Үй құрылысы комбинаты пайдалануға берілсе, 25 желтоқсанда телекөпір арқылы Степногорск қаласында күкірт қышқылы зауыты іске қосылады. Индустрияландыру картасы аясында енгізілген жобалардың өнеркәсіптік өндірістегі үлесі 35%-ға дейін көтерілді», - деп жалғастырды ол.

Бұдан басқа әкім, бүгінде Индустрияландыру картасы екінші бесжылдығының аясында жобаларды жүзеге асыру жүріп жатқанын тілге тиек етті.

«Бүгіннің өзінде Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығына енгізілген жобалар - Еңбекшілдер ауданындағы цемент зауытының құрылысы,Степногорск қаласындағы алтын өндіру фабрикасының құрылысы, Зеренді ауданындағы  каолин тау-байыту комбинатының құрылысы 900-ден астам жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы қарқынды жүргізілуде. Инвестициялық қоржында Индустрияландыру картасына енгізілген жалпы сомасы 119 млрд теңге  79 жоба бар», - деп түйді С. Кулагин.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар