- Басты
- РАНТ мүшелері Атырау медицина қызметкерлерінің еңбек ұжымына «Нұрлы Жол» Жолдауын түсіндірді
РАНТ мүшелері Атырау медицина қызметкерлерінің еңбек ұжымына «Нұрлы Жол» Жолдауын түсіндірді

«Елбасының биылғы Жолдауы әдеттегіден сәл ертерек жолданғаны белгілі. Бұның да өзіндік мәні жоқ емес. Әлемде күн сайын шиеленісіп жатқан жағдайларды күтіп отыратын уақыт жоқ. Қазақстанда бүгінде әлемдік экономиканың ажырамас бір бөлігіне айналып, аталмыш стратегиялық міндеттемелердің іске асырылуы сыртқы факторларға тікелей байланысты. Кез келген өзгеріс пен жаңалықтарға дер кезінде орынды жауап қата білу керек. Қазақстан Ұлттық қорының қаражатына сүйене отырып болашақты айқын болжай алады. Ертеңгі күннен айтарлықтай қауіп жоқ», - деді Асхат Бекенов.
Ұлттық қордан бөлінетін 500 млрд теңгенің қайда жұмсалатынын Мемлекет басшысы нақты түсіндіріп берді. Бұл қаражат Атырау облысынан да айналып өтпейтіні белгілі. Атап айтар болсақ, ол Атырау-Астрахань мен Астана-Ақтөбе-Атырау автожолдары құрылысы. Сонымен қатар, Атыраудағы Ұлттық Индустриялды мұнай-химия технологиялық паркінің де құрылысы аяқталады. «Бұл дегеніңіз, Атырауда 2015 жылы жүздеген жаңа жұмыс орындарының пайда болатынынан хабар береді. Жоғарыда айтылған жобалардан бөлек мектептер мен балабақшалар да салынады. Осылайша үш ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептер мәселесі шешіледі», - деді ол.
Сонымен қатар, депутаттың айтуынша, тағы бір маңызды тұс – қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін шешу. Баспанасы бар адамның қалған мәселелерді өз бетімен ретке келтіре беретіні белгілі. Алдағы уақытта елде шын мәнінде құрылысы қарқын алады. Енді «Жас Отау» бағдарламасы бойынша 35 жасқа дейінгі жас отбасылар үйлі бола алады. Сонымен қатар, үйге үміткерлер тізімі де кеңейіп келе жатыр.
Асхат Бекенов өз сөзінде Ресейдегі рубльдің әлсіреуіне қатысты алып-қашпа әңгімелерге де тоқтала кетті. Қазақстан девальвацияның алдын алып, теңге тұрақтылығын сақтап отыр. Бұл әсіресе бюджеттік қызметкерлер үшін де маңызды. «Бекенов пен Құрманов денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің көкейлеріндегі барлық сауалдарға жауап беріп, алдағы уақытта осы сала қызметкерлерінің жалақыларының 10 пайызға дейін көтерілуі мүмкін екенінен де хабардар болды. Онда да маманның біліктілігі мен жұмыс сапасына байланысты болмақ», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелері бюджет қызметкерлері, шығармашылық және ғылыми қызметкерлермен де жолықты.
-
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ
-
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты
-
Бекшин Алматы қаласында шектеу шараларының жеңілдеу себебін түсіндірді
-
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас
-
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Сот-сараптама реформалары: сот дәрігерлерінің еңбекақысы, мәйітхана ғимараттары мен жаңа Заң жобалары
-
Пандемия жағдайында Наурыз қалай атап өтіледі
-
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 2 бөлім
-
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім
-
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма
-
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына қандай шектеу шаралары енгізілді
-
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі
-
Гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі
-
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы: нәтижелер, мемлекеттік гранттар, микрокредиттер
-
Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейтілмек

