- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы екіжақты ерікті көмек көрсету туралы келісімді қарады
Сенат Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы екіжақты ерікті көмек көрсету туралы келісімді қарады
«Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды ескерту мен оны жою саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы келісімде азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды ескерту мен оны жою саласындағы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының құзіретті органдарының өзара әрекетінің тәртібі көрсетілген. Сонымен қатар, апаттар мен өзге де жағдайларда өзара ерікті түрде көмек көрсету мен төтенше жағдайлар саласында мамандар оқыту көзделген», - дейді ҚР ішкі істер министрінің орынбасары В.Божко.
Вице-министрдің айтуынша, тараптар осы арқылы ақпарат алмасып, тәжірибелерімен бөлісіп, шараларды бірлесе жоспарлауы да мүмкін.
«Мемлекеттік шекараны кесіп өтудегі сұраныс жағдайында көмек көрсету қажеттілігі кезіндегі жағдайлар, тасымал мәселесі, арнайы техника шақырту қажеттілігі мен құралдарды тарту қажеттілігі кезіндегі жағдайлар да аталмыш келісімде көрсетілген. Сондай-ақ,көсек сұраған жағдайда көмек көрсету кезіндегі шығындарды қайтаруға байланысты да мәселелер көрініс тапқан», - деп толықтырды вице-министр.
Божконың мәліметінше, екіжақты келісім 21 баптан тұрады. Құжатта тараптар келісімі формасы мәселесі бойынша нормаларға иелік ететін өзара әрекет етуге құзіретті органдар да анықталған.
Айта кету керек, заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысына енгізілді.
Камила Амирова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция