- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында БЖК-2020 аясында 300-ден астам жобаға қолдау көрсетілді – Кулагин
Ақмола облысында БЖК-2020 аясында 300-ден астам жобаға қолдау көрсетілді – Кулагин
«Мемлекет басшысының атап өткеніндей, елдің әл-ахуалы артуының басты сегменті шағын және орта кәсіпкерлік болуы тиіс. Бүгінде кәсіпкерлік саласында облыстың экономикалық белсенді халқының 30 пайызы жұмыс істейді. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы іске асырылғалы бері жалпы құны 14 млрд теңгенің 300 жобасына қолдау көрсетілсе, соның ішінде 78 жобаға көрсетілген қолдау 2014 жылға тиесілі», - дейді әкім.
Оның айтуынша, облыста 33 мың белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеуде. Ондағы жұмыспен қамтылған халық саны 132,4 мың.
Айта кету керек, өңір кәсіпкерлері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының іске асырыла бастағанынан бері жалпы құны 4,2 млрд теңгенің қолдауына қол жеткізді. Аталмыш қаражат жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктерді жаңғыртуға және жаңасын ашуға бағытталды. 2014 жылы бағдарлама бойынша 1,9 млрд теңге бөлінді.
Сонымен қатар, облыстың барлық өңірінде Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылған. Олар бастауыш және тәжірибелі кәсіпкерлерге кеңес беру, сервистік және өзге де қызметтерді көрсетумен айналысады. Ал 2015 жылы облыстың әр өңірінде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылады деп күтілуде.
Индира Қауметова
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары