Ақмола облысы өнеркәсіптің дамуы бойынша 1 орын алды - әкім

23 Желтоқсан, 2014 11:34
2014 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша, Ақмола облысы өнеркәсіптің дамуы жөнінен елімізде 1 орын алды, деп ОКҚ өткен брифингте аймақ басшысы Сергей Кулагин хабарлады.

««Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» атты Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыруға Ақмола облысының зор мүмкіндігі бар. Оған облысымыздың 11 айдағы көрсеткіштері дәлел бола алады. Өнеркәсіптің жеке көлемі индексі бойынша Ақмола облысы республикада бірінші орында тұр (105.6%). Бұл көрсеткішті 106 % жеткізу көзделіп отыр»,-деп түсіндірді  әкім.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, 2014 жылы Индустрияландыру картасы аясында енгізілген жобалардың өнеркәсіптік өндірістегі үлесі 35% көрсетті.

Индустрияландырудың екінші бесжылдығында бәсекеге қабілетті секторды дамыту көзделген. Бүгінде аймақтың инвестициялық қоржынында жалпы сомасы  119 млрд теңге болатын әлеуетті 79 жоба бар.

Айта кетерлік жайт, өнеркәсіптік өндіріс саласында қайта өңдеу саласының үлесі басым - 70%-дан асады. Негізгілері:  металлургия (23%), тамақ өнімдерінің өндірісі (22%), машинақұрылысы (21%).

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар