- Басты
- Жаңалықтар
- Атырау облысы Томан ауылында 80 тұрғын үй мен 2 әлеуметтік мекеме табиғи газбен қамтылды
Атырау облысы Томан ауылында 80 тұрғын үй мен 2 әлеуметтік мекеме табиғи газбен қамтылды
Жалпы, Исатай ауданында 16 елді мекен бар болса, оның тоғызы «көгілдір отынмен» қамтылған. Енді оныншы елді мекен – Томан селосына да табиғи газ желісі жетті.
Төрт жүзден астам тұрғыны бар Томан елді мекеніне ұзындығы 27 шақырым газ құбыры тартылған. Айта кетсек, Атырау-Астрахан тас жолы бойында орналасқан елді мекен жыл сайын көркейіп келеді.
Ауыл басқа инфрақұрылымдық жүйелермен – сумен, жарықпен қамтылған. Биыл «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында екі шақырым су құбыры жүргізіліп, ауылға таза ауыз су да жеткізілді.
Ауыл тұрғындарын бұл қуаныштарымен облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин құттықтап, «көгілдір отын» алауын салтанатты түрде жақты.
«Осыдан бір жыл бұрын ауданға келгенде томандықтар «көгілдір отын» мәселесін көтерген болатын. Содан елді мекенді табиғи газбен қамтуды уәде еткенмін. Енді бүгін, міне, қуаныштарыңызға ортақтасып тұрмыз. Болашақта бұл ауыл көркейіп, үлкейе түсетін болады. Сондықтан, ауылға кіре беріс жолға асфальт төсеу керек деп есептеймін. Оның жобалық-сметалық құжаттарын жасақтауды аудан әкімдігіне тапсырамын», - деді облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері