- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік кірістер департаментінің негізгі миссиясы-табысты бизнес орта қалыптастыру - әкімдік
Мемлекеттік кірістер департаментінің негізгі миссиясы-табысты бизнес орта қалыптастыру - әкімдік
Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әлібек Тілегенов атап өткендей, жаңа бақылаушы органның негізгі миссиясы салық және кедендік төлемдерді алу ғана емес, сонымен қатар табысты бизнес ортаны қалыптастыру. «Бизнеске ашық, сенімді түрде құқығының аяқ асты болмайтынына және әділ жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалуда», - деп атап өтті Ә.Тілегенов.
Бұдан басқа қызмет алушыларға ақпараттық өнімдерді пайдалануда барынша жеңілдіктер жасалуда. Бұл мақсатта ақпараттық жүйелерді жетілдіру, бизнес үшін мемлекеттік органдарда құжаттарды рәсімдеу бойынша әкімшілік шығындарды қысқарту жүргізілуде.
Тексерістерді жоспарлау тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделе отырып жасалады. Жалпы тексерістер саны қысқарса, сапа мен нәтижелілік артады.
Өз кезегінде Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымындағы Экономикалық тергеу қызметі құқық бұзушылықты алдын-алу, бюджетке салық пен төлемдердің төленуін қамтамасыз ететін болады.
Департамент басшысының айтуынша, негізгі міндет - бірыңғай қазыналық жүйені зияткерлік және сарапшылық деңгейге көтеру. Кәсіпкерлік тәукелдер мен оны анықтау бір жолға қойылады. «Бизнеспен ынтамақта болу - жаңашылдыққа ұмтылу», - деді ол.
Етеріңізге сала кетейік, осы жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен барлық деңгейдегі мемлекеттік басқару жүйесі реформаға ұшырады. Сонымен, Қаржы министрлігінде үш комитетті біріктіру арқылы Мемлекеттік кірістер комитеті құрылды.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты