• Басты
  • Жаңалықтар
  • Катар Республикасында Қазақстан негізгі әріптес ретінде қарастырылады - СІМ

Катар Республикасында Қазақстан негізгі әріптес ретінде қарастырылады - СІМ

23 Желтоқсан, 2014 11:03
Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Шоқыбаевтың Қатар Консультативтік Кеңесінің Төрағасы Мұхаммед бен Мубарак Әл-Хулейфимен кездесуі өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

«Кездесу барысында Мұхаммед Әл-Хулейфи қазақстандық Елшіні Қатар Мемлекетіндегі дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, Қазақстан-Катар саяси ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өтті. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан саяси тұрақты және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет бола тұрып, Доханың аймақтағы негізгі әріптесі ретінде қарастырылуда екен», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде, Елші Асқар Шоқыбаев Қазақстанның Тәуелсіздікке ие болғалы бері саяси, экономикалық, әлеуметтік салаларындағы қол жеткізген жетістіктері туралы әңгімелеп, сұхбаттасын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» халыққа жолдауынның негізгі бағыттарымен таныстырып өтті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы парламентаралық байланыстардың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамыту жолдары, сондай-ақ 2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V-ші съезінеҚатар өкілдерінің қатысу мәселелері талқыланды. Осыған орай екі тарап Қазақстан мен Қатар Парламенттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттілігін атап өтті.

 

Барлық жаңалықтар