- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Беларусь Қорғаныс министрлері 2015 жылға арналған ынтымақтастық жоспарын бекітті (Фото)
Қазақстан мен Беларусь Қорғаныс министрлері 2015 жылға арналған ынтымақтастық жоспарын бекітті (Фото)
Кездесуде Қазақстан мен Беларусь қорғаныс ведомстволарының басшылары екі жақты ынтымақтастықтың ағымдағы және перспективалық мәселелерін талқылады.
Тараптар әскери және әскери-техникалық өзара іс-қимыл, әскери білім, кадрлар даярлау салаларындағы байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Көптеген жылдардан бері Қазақстан әскери қызметшілерді арнайы мамандандырылған білім алу және офицерлік құрамды оқыту үшін Беларусь Республикасының әскери жоғары оқу орындарына жіберіп келеді.
«Әскери саладағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі тараптар мүдделілігін ғана білдіріп қоймай, қолда бар әлеуетті тиімді пайдаланып, ынтымақтастық мәселелеріне конструктивті көзқарас қалыптасқанын растайды»,- деп санайды ҚР Қорғаныс министрі.
Тараптар осы орайда «бірлескен оқу-жаттығулар өткізудегі, жауынгерлік даярлықты жетілдіруде тәжірибе алмасудағы екі ел қарулы күштерінің жедел үйлесімділігін арттырудағы үлкен мүмкіндіктерді» атап өтті.
Кездесу соңында И. Тасмағамбетов беларусьтік әріптесін кез-келген ыңғайлы уақытта Қазақстанға келуге шақырды.
Сұхабаттасушылар сондай-ақ қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету, қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы ҰҚШҰ консультативтік функцияларының іске асырылуы сияқты ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттер ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды