Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек көрсетуде – СІМ

23 Желтоқсан, 2014 09:47
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Украинаның оңтүстік-шығыс аймақтарына гуманитарлық көмек жолдау туралы шешімін орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық және материалдық ресурстар бөлді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

«2014 жылы 6 қазанда ҚР Сыртқы істер министрлігі Украинаның гуманитарлық қажеттіліктері үшін Қызыл кресттің Халықаралық комитетіне 30 мың АҚШ долларын Қазақстанның мүшелік жарнасын төлеу бойынша тиісті үрдісін аяқтады», - делінген хабарламада.

2014 жылы 19 желтоқсан күні «Украинаның оңтүстік-шығыс аймақтарына гуманитарлық көмек көрсету туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы қабылданды. Қаулыға сәйкес, еліміздің мемлекеттік материалдық резервінен жалпы соммасы 69 727 875 тенге құрайтын азық-түлік Украинаға жолданатын болады.

Барлық жаңалықтар