• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылдың басында ҚР ИДМ Иранның оңтүстік портында қазақстандық терминал құрылысын бастайды

2015 жылдың басында ҚР ИДМ Иранның оңтүстік портында қазақстандық терминал құрылысын бастайды

22 Желтоқсан, 2014 18:49
2015 жылдың бірінші маусымында Иранның оңтүстік портындағы қазақстандық терминал құрылысының жобалау жұмыстары қолға алына бастайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі.

«Қазірдің өзінде «KTZ Еxpress» АҚ логистикалық операторы тарапынан сыртқы терминал жүйесін дамыту аясында Иранның оңтүстік портындағы қазақстандық терминал құрлысы жобасы қаралып жатыр. Қазір оның салынатын жері қарастырылуда», - делінген хабарламада.

KTZ Express басшылығы 2014 жылдың қыркүйегінде Бандар-Аббас портына барып жағдаймен танысып қайтты. Қазіргі таңда әріптес иран компаниясымен жобаны іске асыруға қатысты келіссөздер жүріп жатыр. Осыдан кейін 2015 жылдың бірінші маусымында жобалау алдындағы жұмыстарға кіріспек.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 31 тамызы мен 1 қыркүйегі арасында Тегеран қаласында сауда-экономикалық, ғылыми-технологиялық және мәдени ынтымақтастық бойынша қазақстан-иран үкіметаралық комиссияның дәстүрлі отырысы болған еді.

Онда комиссия сауда-экономикалық, инвестиция, көлік, соның ішінде порт ынтымақтастығы мәселесі, индустрия, ауыл шаруашылығы мен өзге де салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың бүгіні мен болашағын талқылаған еді.

Барлық жаңалықтар