- Басты
- Жаңалықтар
- Әдетте дағдарыстан кейін экономика өрлейді – Н.Назарбаев
Әдетте дағдарыстан кейін экономика өрлейді – Н.Назарбаев
«Ауыр дағдарыс ұзаққа созылмайтын болса, экономикадағы турбуленттілік 10-20 жылға дейін созылуы мүмкін. Еске түсірсек, 2007-2009 жылдары дағдарыс болды, ал біз 2010 жылы еңсе көтере бастадық. Бұл жолы дағдарыс құбылыстары 2015-2016 жылдарды қамтуы мүмкін. Бірақ әдетте дағдарыстан кейін экономика өрлеп, соның нәтижесінде мұнай мен газды тұтыну ұлғаяды. Сөйтіп, олардың бағасы да көтеріледі», - деді Н.Назарбаев.
Президент атап өткендей, бізде мұнай бағасы барреліне 70, 60, 50, 40 доллар болатын жағдайға арналған жоспар бар. Тұрғындарды қолдап, тұрмыстарының нашарлауына жол бермейтін резервтеріміз бар.
«Біз қазір әлемде валюталардың жағдайы, экономиканың қарқыны қалай болып жатқанын бақылап, Ресейдегі ахуалды көріп отырмыз. Бүгінгі таңда Қазақстанда қауіпті ештеңе болып жатқан жоқ. Сол себепті алаңдап, алашапқын болу қажет емес. Адамдардың бойына үрей ұялатып, дүрбелең туғызатындарға қарсы тиісті заң қабылдадық. Халықтың банктердегі салымының сақталуы кепілдендірілген. Ол үшін бізде арнайы қор құрылған.Ал валютаның ауытқуы әрдайым болып тұрады. Бұл – бүкіл әлемдегі қалыпты құбылыс. Доллардың бағасы 50 жыл бұрын да, қазір де барлық елде әркелкі. Біз Қазақстанның жағдайында азық-түлік пен киім-кешек сатып алуды, жол жүруді теңге арқылы жүзеге асырамыз. Біз ішкі тұрақтылықты, барлық әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз етеміз», - деді Елбасы.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру