- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Украинадағы қақтығыс тараптарына келісімге келуді ұсынды
Н.Назарбаев Украинадағы қақтығыс тараптарына келісімге келуді ұсынды
«Мемлекеттегі тұрақсыздық экономика әлсіз, жұмыс орындары, еңбекақы төлемдері мен табыс жеткіліксіз кезде халықтың әлеуметтік жағдайы мен өмір сүру деңгейінің төмендігінен пайда болады. Осының бәрі наразылық тудырады. Ал мұндай сәттерде түрлі күштер халықты соңынан ертуі мүмкін. Мен бүкіл қақтығыстың себебін Украинаның тәуелсіздік жылдарында тиісті экономикалық саясат жүргізбей, елдің орнықты дамуын қамтамасыз етпеуінен көремін», - деді Н.Назарбаев.
Елбасы сондай-ақ, Украина Қазақстанға жақын екендігін айтып өтті. « Мен жеке өзім бұл елді жақсы білемін. Бізді әрқашан көптеген жайттар байланыстырды. Украинадан қоныс аударғандар кезінде тың жерлерге, бізді елдің өнеркәсіп кәсіпорындарына келді. Мен әркез украиналықтардың менталитеті белгілі бір дәрежеде қазаққа ұқсас деп санадым. Біздің халықтарымыз бір-бірін ежелден біледі, өйткені Ұлы дала оңтүстік Украинаға дейінгі кеңістікті алып жатыр. Украиндар мен казактарда түрік сөздерінің көп болуы кездейсоқтық емес», - деді Ұлт көшбасшысы.
«Өкінішке қарай, украин халқын қақтығысқа, өз қандастарын өлтірген соғысқа киліктірді. Нәтижесінде, негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындар орналасқан Шығыс Украина қирап қалды. Экономиканың ішкі жалпы өнімді қалыптастыратын айтарлықтай бөлігі бүгінде істен шықты. Шығыс Украинаны қалпына келтіру үшін орасан қаражат керек», - деді Президент.
Мен Қазақстан Ресейге де, Украинаға да бірдей қарайды деп есептеймін. Бізде ешқандай мүдде қақтығысы жоқ. «Мен – ешбір тарапты жақтамайтын, бейтарап ұстанымдағы әрі қандай да бір үлес қоса алатын, шынайы көзқарастағы менеджермін.Украина, Ресей және Еуропаның талпыныстары тоғысатын тұстар бойынша келісімге келу керек. Бұл дегеніміз – соғысты тоқтату, тұтқындарды босату, Шығыс Украинаны қалпына келтіруге жәрдемдесу, тілдердің мәртебесін айқындау. Осы мәселелерді президенттер деңгейіне шығарып, еуропалықтармен бірге келісімге келу қажет», - деді Елбасы.
-
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
Ықпалды күштер бәсекесі: қарулы қақтығыстан жұмсақ күшке дейін -
Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшілігіне ұсынды -
Л.Рамазанова: Қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу процестеріне әйелдерді белсенді тарту қажет -
«Ауыл» партиясы балаларды бөліп жармай, бәріне бірдей 18 жасқа дейін әлеуметтік көмек беруді ұсынды -
Quest Ventures пен Astana Hub келісімге қол қойды -
Тоқаев: Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялауды ұсынды -
Тимур Құлыбаев бірыңғай ахуалдық орталық құруды ұсынды -
AFSA COVID-19 жаһандық пандемиясына жауап ретінде қаржы нарығын қолдау шараларын ұсынды -
Корея елшісі карантинде көретін фильмдер тізімін ұсынды -
Нұртөре Жүсіп ЖОО-ларда конфликтология факультетін ашуды ұсынды -
Елордалық Қоғамдық кеңес пен ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Digital Samruk» конференциясында Қазпошта бизнестің цифрлық инновацияларын ұсынды -
Кәсіподақтар федерациясы еңбек туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынды -
«Астана Опера» Ресейде «Жібек саты» опера-фарсын ұсынды