• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әділет министрлігі кәсіпкерлерге халықаралық тауар белгілері құқықтарының сарқылу қағидасына көшуді ұсынуда

Әділет министрлігі кәсіпкерлерге халықаралық тауар белгілері құқықтарының сарқылу қағидасына көшуді ұсынуда

22 Желтоқсан, 2014 11:37
Әділет министрлігі кәсіпкерлерге халықаралық тауар белгілері құқықтарының сарқылу қағидасына көшуді ұсынуда, деп ҚР әділет министрі Берік Имашев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі үкімет сағатында мәлімдеді.

«Қазіргі таңда ЕАЭО аясында кәсіпкерлік қауымдастықтың ең көп талқыланатын мәселелерінің бірі параллельді импорт мәселесі болып табылады. Оның мәні сонда, кей тауарлар импорты тауар белгісі иесінің келісімімен үшінші елдерден әкелінеді. Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне тауар белгісі иесінің келісімі талап етілмейтін өңірлік қағиданы құқықтың сарқылуы халықаралық қағидасына ауысу ұсынылуда. Мәселе әлі талқыланып жатыр», - дейді Б.Имашев.

Оның айтуынша, аталмыш сауал Қазақстан, Ресей және Беларусь сарапшылары және кәсіпкерлік қауымдастықтар тарапынан қызу талқыға түсті, енді Парламент депутаттары және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының да қызығушылығын тудыруда.

Құқықтың сарқылуы қағидасын өзгерту туралы мәселенің шешілуі Одаққа мүше мемлекеттердің адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мен индустриялды-инновациялық саясатына да тікелей байланысты. «Халықаралық тәжірибеден көретініміз, мемлекеттің параллельді импортқа қатысты саясаты негізінен сауда, бәсекелестік және экономикаға қатысты факторлармен анықталады. ДСҰ мен ЭЫДҰ аясында үміткер мемлекеттерге қатаң талап қарастырылмаған. Соның ішінде құқықтың сарқылуы қағидасына да қатысты. Әр мемлекет үш қағиданың бірін өз бетінше таңдайды», - дейді министр.

Өз кезегінде Еуразиялық экономикалық комиссия 2020 жылға дейін параллеьді импортқа өтетіндей етіп өндірісті жергіліктендіруді алып тастаумен құқықтың сарқылуы өңірлік қағидасын сақтауды ұсынады.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар