- Басты
- Жаңалықтар
- Қазатомөнеркәсіп ОҚО-ның 1,6 млрд теңгелік әлеуметтік нысандар құрылысын қаржыландыратын болады
Қазатомөнеркәсіп ОҚО-ның 1,6 млрд теңгелік әлеуметтік нысандар құрылысын қаржыландыратын болады
Құжатқа «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаров пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов қолдарын қойып, бекітті, деп хабарлады Ұлттық компания.
Аталмыш келісім шеңберінде ұлттық атом компаниясы әлеуметтік-инфрақұрылымдық даму, аймақ тұрғындарының әл-ауқаты деңгейі мен өмір сапасын жақсарту бойынша бірқатар міндеттемелер қабылдады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы, соның ішінде еншілес компаниялар қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғауға, қазіргілерін сақтай отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған іс-шараларға қатысатын болады.
«Меморандум шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өзінің балансындағы барлық әлеуметтік нысандарды – Таукент және Қыземшек кенттерінде орналасқан стационарлық 40 және 30 төсек-орны бар 2 дәрігерлік-санитарлық бөлімді, 160 және 280 орындық 2 балабақшаны, 2 мәдени-спорт орталығын, 2 қонақ үйді, филиалдардың кеңселерін, шаруашылық ауласын және «Таукент-Энергосервис» ЖШС-н Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне тапсырады. Сондай-ақ, Қазатомөнеркәсіп 2015-2016 жылдары осы нысандарды ұстап тұру үшін 2 млрд теңге көлемінде қаржы бөледі», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, компания екі жыл бойы аймақтағы құны 1,6 млрд теңгелік әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландыратын болады.
Компания қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында уран өндіретін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес кәсіпорындарының кеңселері 2015 жылы Алматыдан Шымкент қаласына көшірілуі жоспарланып отыр. Еншілес және бағынышты компаниялардың кеңселері орналасатын жаңа бизнес орталығы салынады. Өндіруші компаниялар кеңселерінің өңірге қоныс аударуы дамуға қосымша серпін береді, сондай-ақ облыс тұрғындарына көп әлеуметтік қолдау жасайды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді