- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтар Еуропаға Беларусь арқылы жүк тасымалдай алады - Сенат
Қазақстандықтар Еуропаға Беларусь арқылы жүк тасымалдай алады - Сенат
«Хаттама 2013 жылғы 25 сәуірде Минск қаласында жасалған болатын.Құжат Қазақстан мен Беларусь арасында, сондай-ақ олардың аумақтары арқылы транзитпен жүктерді тасымалдау үшін автокөлік құралдарына рұқсатсыз өтуді белгілеуге бағытталған», - делінген хабарламада.
Заң жобасын қабылдау отандық тасымалдаушыларға Беларусь Республикасының аумағы арқылы Еуропаға бөгетсіз транзитті тасымалдар жасауға мүмкіндік береді.
Одан басқа, Хаттаманың ережелерін қолдану Қазақстан тарапы үшін пайдалы болып табылады, өйткені қазіргі уақытта екіжақты және транзиттік тасымалдар тараптар жыл сайын шектеулі мөлшерде алмасатын рұқсат бланкілері негізінде жүзеге асырылады.
Отырыста сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Халықаралық теңіз ұйымының аудитінен өту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Заң жобасы Халықаралық теңіз ұйымының аудитінен өту үшін Теңізшілерді даярлау мен диплом беру және вахта жұмысын атқару жөніндегі халықаралық конвенция ережелерін іске асыруға, сондай-ақ теңізде жүзу, кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету және оларға навигациялық қызмет көрсетуі мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталып әзірленген болатын.
Заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды. Мәселен, заң жобасының ережелерімен Каспий теңізінің қазақстандық секторында навигациялық орталық құру кемелер қозғалысын бағдарлауға және басқаруға жәрдемдесетін болады. Одан басқа, теңіз көлігі саласы бойынша мамандар даярлайтын қазақстандық оқу орындары түлектерінің дипломдарын халықаралық деңгейде тану мәселесіне құқықтық негіз жасалады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады