• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астана қаласының негізгі капиталға құйған инвестиция көлемі 14,1 пайызға көбейді

Астана қаласының негізгі капиталға құйған инвестиция көлемі 14,1 пайызға көбейді

22 Желтоқсан, 2014 15:34
2014 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 546672,7 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 14,1%-ға жоғары.

«Астананың республикалық көлемдегі үлесі 9,7% құрады.Инвестициялардың көп үлесі жеке меншіктегі кәсіпорындармен игерілді, бұл олардың жалпы көлемінің 58,0%-ын құрайды», - деп хабарлады Астана қаласының статистика департаменті.

Қаржыландыру көзінің бөлінісінде мемлекеттік бюджеттік қаражаттар 30,3%-ды, кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке қаражаттары 53,6%-ды, банк кредиттері 4,4%-ды, басқа қарыз қаражаттары 11,7%-ды құрайды.

 

Барлық жаңалықтар