- Басты
- Жаңалықтар
- Тәуелсіздікті ұрпаққа табыстау – ортақ парыз – Көштаев
Тәуелсіздікті ұрпаққа табыстау – ортақ парыз – Көштаев
«Елбасының “Тәуелсіздік – тарихтың сыйы, немесе бүгінгі буынның меншігі емес. Ол – өткен бабалардың алдындағы қасиетті борыш және келешек ұрпақтың алдындағы зор жауапкершілік. Біз Тәуелсіздігімізге тәу етіп, тәубе деп, тәуекелмен болашаққа бет түзеп келеміз” деген жүрек тебіренісіне қалайша тәубе демеске», - деді Б.Көштаев.
Оның айтуынша, еліміздің Тәуелсіздігін алған азғантай жылдар ішінде әлемге әйгілі елге айналуы тектентек болмаса керек. Осы жылдарда елімізде қаншама қыруар істер атқарылып, елхалықтың еңсесі тіктелді. Кешегі кеңес үкіметі кезінде басшылық қызметте болғандықтан өткен жылдардың соқпақты кезеңдері менің көз алдымда көлбеңдей тұрады.
«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өнеркәсіп орындары жарыса жабылып, ауылдағылар абдырап, жұртшылықтың қиындық көргені ащы да болса ақиқат. Жоғарыда айтқандай, Елбасымыздың сарабдал саясаты арқасында еліміз еңсесін қайта тіктеп, ауқымды істер атқарылып, асулар алынды. Сыр аймағы да адам танымастай түрленді», - деп толықтырды ол.
Ол атап өткендей, «Кіші Арал теңізі қайтып келді. Қаламыз көріктеніп, ауылдарымыз ажарланды. Егін шаруашылығы өркен жайып, ата кәсібіміз – мал шаруашылығы да молшылықтың қайнар көзіне айналды. Соңғы кезде “СексеуілЖезқазған” темір жолы мен “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” автомагистралы, “БейнеуБозойШымкент” магистральды газ құбыры салынуы айтқан сөзімізге айғақ болса керек».
«Елбасымыздың Жолдауындағы “Қарағанды-Жезқазған-Қызылорда” автожолы құрылысының басталатындығы жайлы байлам бізді, сырбойылықтарды қуаныш құшағына кенелтіп отыр. Елбасымыз тәуелсіздік толғауында айтқандай, табысқа тоқмейілсімей, кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау – ортақ парыз», - деді ол.
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында -
Бірлік пен татулық – даму кепілі -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр -
Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция -
Қ.Тоқаев: Локдауннан ертерек шығудың бірден-бір жолы – вакцина