- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан ЕАЭО аясында зияткерлік меншік саласындағы 3 халықаралық келісімге қол қояды - Имашев
Қазақстан ЕАЭО аясында зияткерлік меншік саласындағы 3 халықаралық келісімге қол қояды - Имашев
«Бүгінде 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін Еуразиялық экономикалық одақ аясында интеграциялық экономиканың маңызды бағыттарының бірі - зияткерлік меншік саласы. Сонымен, Келісімді жүзеге асыру аясында 2015 жылы үш халықаралық келісімге қол қою жоспарлануда. Атап айтар болсақ, тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі мен ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағында тауар шығарылған жерлердің атауы туралы келісімге қол қою көзделуде», - деді Б.Имашев.
Бұдан басқа, зияткерлік меншік нысандарына қатысты құқықты қорғау әрекетін үйлестіру бойынша келісімге қол қойылады деп күтілуде. «Құжат зияткерлік меншік саласында құқық бұзушылықты алдын-алу, ақпарат алмасу және заңнаманы жетілдіру бойынша ортақ ұсыныстар жасақтау мақсатында ведомствоаралық ынтымақтастықты көздейді. Үшіншісі - Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісім. Келісім авторлық сыйақыны төлеу, бөлу және оны орнатудың бірыңғай тәртібін бекітетін болады. Келісім жобасында жиналған сыйақыны бөлу мерзімі мен тәртібі нақты жазылады, ол бір жылда кем дегенде 1 рет жүргізілуі керек», - деп түсіндірді министр.
Аталмыш халықаралық келісімдерді қабылдау зияткерлік меншік құқығын лайықты дәрежеде қамтамасыз етуге, шығармашылық қызметті ынталандыруға септігін тигізеді, деді ведомство басшысы.
Сонымен қатар, Б.Имашев атап өткендей, еліміздегі салалық ведомстволар отандық өндірісті дамыту мен ғылыми-техникалық әлеуетті арттыру бойынша шаралар қабылдауы тиіс.
Камила Амирова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді